RU

ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов коронавирус жұқтырған аудан әкімдері туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев коронавирус жұқтырды

Көрнекі фото: Wei Liang/China News Service/Getty Images: Getty Images

Шығыс Қазақстан облысының әкімінің айтуынша, жақында Семей қаласының әкімі Ермак Салимов жұмысына оралды. Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байқоныов ауырып жатыр. Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың денсаулығы сыр беріп жатыр.

"Бұл олардың тәртіпті сақтамағаны немесе тәртіпті бұзғанымен байланысты емес. Олар өздері орындауға тиісті және атқаратын жұмыстарды орындады. Біздің жұмысымыз осындай, біз кабинеттеріміздің есігін іштен жауып, қамалып отыра алмаймыз", - деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, ол орынбасары Ержан Нұрбаев коронавирус жұқтырғанын мәлім етті.

"Жақында сауығып кетеді деп үміттенемін. Біздің барлық қызметкерлеріміз бірдей жағдайда отыр. Бірақ бұл біздің мамандығымыз. Біз коронавирусқа қарсы жұмысты ұйымдастыруымыз керек", – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Тағы да оқыңыздар

Алматыға 1 миллионнан астам парацетамол жеткізілді

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 5 шілдеден бастап өңірдегі екі ірі қаланың карантинге жабылатынын мәлім еткен болатын.

Аймақта 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік орын және қарқынды терапия палатасы дайындалған. Оған қоса облыста адамдар жедел медициналық көмек ала алмайтын елдімекен жоқ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев коронавирус жұқтырды