RU

42 500 теңге алғандардың несие тарихы бұзыла ма

Қаржы министрлігінің өкілі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте 42 500 теңге осы "президенттік" жәрдемақыны алған қазақстандықтардың несиелік тарихын бұзуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

42 500 теңге алғандардың несиелік тарихы бұзыла ма
Фото: NUR.KZ: Original

БАҚ өкілдері қазіргі кезде қаржы министрінің міндетін атқарушыға коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге көлемінде арнайы әлеуметтік төлем алғандықтан банктердің несие беруден бас тартуына шағымданып жатқандарын айтты. Осылайша банк менеджерлері бас тартуды негіздейді.

Қаржы министрлігінің өкілінен бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін түсіндіруді, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде несиелер мен төлемдерді кешіктіру түрінде мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек қазақстандықтардың несиелік тарихына теріс әсер етуі мүмкін бе деп сұраған болатын.

Бұған жауап ретінде Берік Шолпанқұлов "президенттік" жәрдемақы алушылардың несиелік тарихына әсер етпеуі керек деді. Тиісті құжатты қаржы нарығын дамыту агенттігі қабылдады.

Маман несие ала алмаған адамдарға осы мәтінмен банкке қайта хабарласуға кеңес берді, ал бірнеше рет бас тартылған жағдайда уәкілетті органдарға шағыммен жүгінуге кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 26 наурыздан 11 мамырға дейін төтенше жағдай орын алды. Осы уақыт ішінде көптеген қазақстандық мемлекеттен ең төменгі жалақы мөлшерінде арнайы жәрдемақы алды.

Халық бұл ақшаны "президенттік" деп атады, өйткені бұл бастаманың авторы президент Қасым-Жомарт Тоқаев болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864004-42-500-tege-algandardy-nesie-tarihy-bzyla-ma.html