Выйти
RU

Мұхтар Шахановтың неліктен ауруханаға түскенін орынбасары айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі ақын Мұхтар Шаханов екі өкпесі қабынып, ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты "Жалын" журналындағы қаламгердің орынбасары Құдияр Біләл растап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев: Instagram

"2 шілде күні Мұхтар Шахановтың туған күні болды. Соны редакцияда кішігірім атап өттік. Оның алдында шамалы мазасы болмай жүрген, бірақ қатты ауырған жоқ. Жөтел секілді аурудың белгілері болмады. Өзі үнемі қозғалыста жүретін адам болған соң кейінгі кездері көп демалғысы келе берді", - деді Құдияр Біләл.

Оның сөзінше, 2 шілде күні түнде ақынның мазасы қашып, жедел жәрдем шақырған. 3 шілдеде түнде Мұхтар Шаханов Алматыда ауруханаға жатқызылды.

"Өкпенің қабынуына қарсы ем алып жатыр. Қазіргі кезде көңіл күйі жаман емес. Алайда ауруханадан шыққысы келіп отыр. Дәрігерлер тағы бірнеше күн бақылауда болып, емделуі қажет екенін айтып, рұқсат бермген жоқ. Тағы бір-екі күн медициналық мекемеде болмақ. Коронавирус емес екені анықталды", - деді Шахановтың орынбасары.

Тағы да оқыңыздар

"Екі рет бас тарттым": Алтынбек Қоразбаев неге өкінетінін айтты (фото)

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. 78 жастағы халық ақыны 2004 жылдан бастап "Жалын" журналында бас редактор қызметін атқарып келеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Жігіттер" квартетінің мүшесі Ердос Қанаев қазіргі жүріп жатқан індеттің өзін айналып өтпегенін жазған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мұхтар Шахановтың неліктен ауруханаға түскенін орынбасары айтты