RU

Коронавирус: Елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 34 мыңнан асты

Қазақстанда 3 маусым - 8 шілде аралығында амбулаториялық ем алған 17 221 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус: Елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 34 мыңнан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында – 1 621,

Алматы қаласында – 1 553,

Шымкент қаласында – 1 410,

Ақмола облысында - 633,

Ақтөбе облысында - 433,

Алматы облысында - 928,

Атырау облысында – 3 030,

Шығыс Қазақстан облысында - 666,

Жамбыл облысында - 486,

Батыс Қазақстан облысында - 1689,

Қарағанды облысында - 1918,

Қостанай облысында - 345,

Қызылорда облысында - 376,

Маңғыстау облысында - 686,

Павлодар облысында - 299,

Солтүстік Қазақстан облысында - 806,

Түркістан облысында - 342 адам емделген.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 34 149, оның ішінде ауруханалардан - 16 928, амбулаториялық бақылаудан - 17 221 адам.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақытта әлемде 141 коронавирус вакцинасы әзірленіп жатқанын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, күні кеше, 8 шілдеде Қазақстан президенті республикалық телеарналардан халыққа үндеу жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені елімізде коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864039-koronavirus-elimizde-kauipti-dertten-zazylgandar-sany-34-mynan-asty.html