RU

Өзбекстан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқастарға орын қалмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің барлық мүмкіндігі таусылды: ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастармен толып қалған. Бұл туралы COVID-19-пен күрес республикалық штабының өкілі Хабибулла Акилов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

өзбекстан

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

2020 жылдың сәуір айында эпидемия басталған кезде минитсрлік науқастарды емдеуге 16 мың орын бар екенін, қосымша 10 мың орын аурухана салынатынын жеткізген.

Өзбекстанда соңғы күндері тәулігіне 300–350 адам вирус жұқтырып жатыр. Бұл - анықталғаны ғана.

Акилов егер күніне мыңнан астам адам ауыратын болса, денсаулық сақтау саласы "күйрейтінін" жасырмады.

Қазір Өзбекстанда вирус жұқтырған, бірақ ауру белгілері байқалмайтын науқастарға үйінде емделуге кеңес берілуде. Себебі, орын болмағандықтан созылмалы ауруы бар науқастар көз жұмып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

"110 жағдай зерттелуде": Мамандар қайтыс болғандардың өлімін анықтап үлгермей жатыр

Хабибулла Акилов қазір елде күніне 20 мың адамнан сынама алып жатқанын жеткізді. Зертханалар сынама нәтижесін шығаруға үлгермей жатыр екен. Осыған дейін 5-6 сағатта анықтайтын болса, қазір кемінде екі күн күтуге тура келеді.

Аталған себептерге байланысты Өзбекстан билігі күшейтілген карантин тәртібіне қайта оралуға шешім қабылдады.

10 шілде мен 1 тамыз аралығында қоғамдық көліктерге шектеу қойып, той өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, ірі сауда орындары, базарлар жабылған. Жасы 65-тен асқандарға көшеге шығуына болмайды.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда коронавирус 10,8 мың адамнан анықталған. 42 науқас қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзбекстан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқастарға орын қалмады