Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жансейіт Түймебаевтың анасы өмірден өтті

Опубликовано:

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың анасы өмірден өтті. Қаралы хабарды индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC
Ұлмекен Түймебайкелінінің қайтыс болу себептері көрсетілмеген. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі хабарламасында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарына көңіл айтты.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Жансейіт Қансейітұлына анасының мезгілсіз қазасына орай көңіл айтады.

Еске сала кетсек, осыған дейін "Атамекен" ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаевтың анасы дүние салғанын жазған болатынбыз. Раиса Алдабергенқызының қазасы жөніндегі қаралы хабарды Ұлттық Олимпиада комитеті жеткізді.

"Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады.   Қадірлі Тимур Асқарұлы! Біз орны толмас қайғыңызға ортақпыз. Раиса Алдабергенқызын білетін жандар оның жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын айтады.
Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұядағы ауыр қазаға ортақтасады" , - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864057-zansejit-tjmebaevty-anasy-mirden-tti/

pixel