RU

Оралда тұрғын үй ауласынан ер адамның денесі табылды

Оралда ер адамның мәйіті табылды. Анықталғандай, оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Істің барлық мән-жайы анықталуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оралда аулалардың бірінде ер адамның жансыз денесі табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мой город порталының хабарлауынша, таңертең Орал қаласында Циалковский көшесіндегі көп пәтерлі үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылған.

Оқиға орнын құқық қорғау органдары қоршап алған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болады.

Айта кетерлігі, ер адамның денесінде зорлық-зомбылық іздері табылмаған.

Оқиғаның анық-қанығын білу үшін бейнебақылау камераларынан алынған материалдар зерттелуде.

Оралда аулалардың бірінде ер адамның жансыз денесі табылды
Фото: mgorod.kz: UGC

Сондай-ақ, Алматы облысының құқық қорғау органдары өзге де оқиғаларды тексеруде. Жергілікті тұрғын туған ағасының квадроциклін ұрлап кеткен. Ол қарыздарын өтеу үшін транспортты тезірек сатып жіберуге тырысыпты.

Ағасы меншігінің жоғалғанын анықтағанда, оны өзі табуды жөн көрген, алайда бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін полициядан көмек сұрайды.

Тәртіп сақшыларының күшімен бірнеше сағат ішінде квадроцикл табылды. Ол аулалардың бірінде шөппен жасырылған. Жәбірленушінің бауыры өз ісін мойындады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда адамдардың мәйітхананың алдына жаппай жиналғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864062-oralda-trgyn-j-aulasynan-er-adamny-denesi-tabyldy.html