Выйти
RU

"Қажет кезде айтылды": Асхат Садырбай президент үндеуіне ой қосты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кеше жасаған үндеуіне қатысты өз ойын ақтарды. Ақпарат өкілі президент көтерген маңызды мәселелерді талдап, еліміздің коронавирус инфекциясымен күресте жіберген басты қателіктерін жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay.: Instagram

Асхат Садырбай мемлекет басшысының 8 шілде күні жолдаған үндеуі уақытылы айтылғанын алға тартты.

Журналист індет жайлы ақпараттандыруда отандық БАҚ саласының еңбегін жоғары бағалады.

Ол халық ресми дереккөздерге қарағанда, фэйк жаңалықтарға көбірек сеніп жататынына күйінді.

"Қазір ақпарат дәуірі. Ақпарат саласына үлкен күш салу керек. Мен мұны үнемі айтып келем. Біздің елдегі вируспен күрес ақпараттық толқынның астында қалып қойды. Мынау індетпен күресуге фейк ақпараттың көп кесірі тиді. Республикалық БАҚ барынша тырысқанымен фейк ақпараттарға төтеп бере алмады.

Тағы да оқыңыздар

Алматы әкімдігі жаңа карантиннің ТЖ режимінен айырмашылығы қандай екенін айтты

Вирустан емделудің жолы мен қабылдайтын дәрілердің тізімін, ең қажетті протоколды, карантиннің пайдасы мен зардабын Малышева сияқты болмаса да, қысқа-нұсқа әрі анық түсінікті етіп айтып беретін өкіл болмады. Түсінем, ешкімде уақыт жоқ. Спикер іздеп сандалдық. Бекшин мырзаның сөзі келекеге айналды, барлық бағдарламада шырылдап инфекционист Динагүл Баешова жүрді. Бірақ оның сөзіне құлақ асқан адам көп емес. Шынайы, түсінікті, нақты ақпарат көп болғанда адам шығыны болмас та ма еді. Әрине өмір де, өлім де Алланың қалауымен. Бірақ, қимаймыз.

Осындай сын сәтте бізге карантин режимін бұзған әншінің әрекетінен гөрі ковидтен сақтану мен емделу жолдары қызық әрі маңызды еді ғой. Күн-түн демей жүгіріп жүрген әріптестерімді де түсінемін, олардың адал еңбегін өте жоғары бағалаймын. Карантинде басымызды бәйгеге тігіп түсірілімге шығып жүргендердің қатарында өзім де бармын. Бірақ ол аз болды. Біздің құзырлы органдардың БАҚпен жұмысы өте қиын. Қағаз, хат, күту, жалыну" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Тағы да оқыңыздар

"Барлығы саясат дедім": Балғынбек Имаш басында вирустың барына сенбеген

Сонымен қатар, Асхат Садырбай ауруханалардағы орындар мен дәрі-дәрмектердің тапшылығы мәселесәне жеке тоқталды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі үндеуінде дәрігерлердің бұқаралық ақпарат арқылы нақты мәлімет беруін тағы да қадап айтты. Енді үшінші ескертуге жетпесек жақсы болар еді.

Екіншіден, науқастарды емдейтін орындардың жетіспеушілігі, дәрі-дәрмектің ушығып кеткен бағасы мен тапшылығы біз күтпеген үлкен соққы болды. Біз денсаулық сақтау жүйесіне сендік, ал олар кімге сенді екен? Президент бүгін бұл мәселені де атап өтіп, тергеу жүргізілетіндігін және әкімдердің де жіберген қателіктеріне тиісті баға беретінін айтты.

Жалпы бүгінгі үндеу қажет кезде дұрыс айтылды деп ойлаймын. Жақынынан айырылу ешкімге оңай емес. Күн сайын бір-бірімізге көңіл айтып жүрегіміз әбден езілді. Алайда еңсеміз түспесін, бекем болайық. Бір Алладан үміт етіп, ертеңіміздің жақсы боларына сенейік" , - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар

"Той жасайды": Тоғжанов елде вирустың кең таралуына не себеп болғанын айтты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қажет кезде айтылды": Асхат Садырбай президент үндеуіне ой қосты