Выйти
RU

"Әке-шешелеріңізді үйден шығармаңыздар": Айқын халықты сақ болуға шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепберген барша отандастарынан егде жастағы қарияларды үйден шығармауды сұрады. Әнші індет өршіп тұрғанда халықты мүмкіндігінше сақ болуға шақырды. Әсіресе ол зейнеткерлермен бірге тұратын жастарға қатаң ескерту жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn.

Фото: Instagram/aikyn.: Instagram

Айқын Төлепберген бүгінде жаназаларға барып, қатты ауырып жатқан қазақстандықтар көбейіп кеткенін айтты.

Сол себепті, өнер иесі көпшілікке ата-анасын мүлдем ешқайда жібермеу керек екенін түсіндірді.

"Әке-шешелеріңізді үйден шығармаңыздар. Жаназаға барып, ауырып қайтқандар жетерлік. Аптекада не дәрі жоқ, больницада не орын жоқ. Қалай емдейсіздер?

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Әсіресе үлкендермен тұратын жастар сақ болу керек. Үйге ауруды алып келмесіне кім кепіл? Түсіністікпен қарау керек деп ойлаймын.

Тағы да оқыңыздар

"Түбі бәріміз ауырып шығамыз": Сұлтанқызы ағзаны ауруға қарсы дайындауға шақырды

Қайтыс болғанның жақынына, Каспий голдына көмек жіберіп қойса да болады. Кейін, індет басылғанда барып қайтқан дұрыс деп ойлайсын. Бұл менің ғана сөзім емес, муфтияттың айтқаны. Аман болайық баршамыз" , - деп жазды Айқын Төлепберген Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген тойларға екі жылға тыйым салуды ұсынған Аружан Саинға жауап берген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әке-шешелеріңізді үйден шығармаңыздар": Айқын халықты сақ болуға шақырды