Выйти
RU

Карантин кезінде тұрмысқа шыққан Сатаевтың қызы бал айында жүр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана "Қазақфильм" президенті болып тағайындалған Ақан Сатаевтың қызы бал айына шетел асып кеткен. Белгілі режиссердің тұңғышы Марйам Сатай карантин кезінде каскадер жігітке тұрмысқа шыққан болатын. Некелесуін мешітте ет-жақындарымен өткізген жас жұбайлар індеттің өршіп тұрғанына қарамастан, Түркияға барып демалуды жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/marysatay.

Фото: Instagram/marysatay.: Instagram

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптыларға бал айына жолдаманы Сатаевтар әулеті тарту еткен. Қалыңдықтың ата-анасы жастардың отау құруына орай осындай сыйлық жасаған.

Бүгінде Марйам Сатай мен оның жолдасы Түркияның Анталья қаласында бал айын өткізіп жатыр. Бұл туралы режиссердің қызы Instagram парақшасында хабарлаған. Ол сансыз сұрақ жаудырған желідегілерге жауап беру үшін демалыстары туралы тың мәліметтермен бөліскен.

Бойжеткеннің айтуынша, олар баратын мемлекет пен ол жердегі қонақ үйді аса мұқият қарап таңдаған. Марйам қазіргі уақытта Түркияда демалып жатқан туристер санаулы екенін жасырмады. Оған әлемдегі коронавирус пандемиясы мен енгізілген шектеулер себепші болған.

Тағы да оқыңыздар

"Айтарым бар": Дене қызуымен қыз ұзатпақ болған ару желіде ақталды (видео)

Ақан Сатаевтың қызы бал айының ерекше суреттерін жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанымен қалың көпшілікпен бөліскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде тұрмысқа шыққан Сатаевтың қызы бал айында жүр (фото)