Выйти
RU

"Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы пневмонияға шалдықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист әрі "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы Дархан Қыдырәлі өзінің пневмонияға шалдыққанын хабарлады. Ақпарат өкілінің ауруханада жатқанына осымен он күн болған. Ол бүгінде жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Дархан Қыдырәлі

Фото: Facebook/Дархан Қыдырәлі: Twitter

Бұл туралы Дархан Қыдырәлінің өзі Facebook парақшасында жазды.

Ол өзінің денсаулығы үшін алаңдаған көпшіліктің көңілін орнына түсіріп, жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады.

"Қос өкпені қабындырып алыппыз. Әуелі үйде жатып ем қабылдадым. Міне, он күн болды, облыстық пульмонология ауруханасында жатырмын. Бетіміз бері қараған сияқты. Тілекші болған баршаға Тәңір жарылқасын айтамын" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін танымал журналист Дәулет Төлеутайұлы оқырмандарымен біріге отырып, қайырымыдылыққа бес сағатта он екі миллион теңге жинады. Олар бұл қомақты қаржыға елу тыныс алу аппаратын сатып алып, зәру жандарды қуантпақ.

Тағы да оқыңыздар

Мұхтар Шахановтың неліктен ауруханаға түскенін орынбасары айтты

БАҚ өкілі су жаңа тыныс алу құрылғылары қай қалалар мен облыстарға баратынын өз парақшасында мәлім етті. Ол елді мекендердің халық санына байланысты таңдалғанын айтып, аппараттар жіберілетін өңірлердің тізімін жариялады.

Ол халыққа отшашау емес, оттегі керек екенін атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы пневмонияға шалдықты