Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайы туралы белгілі болды

Опубликовано:

Екі жақты пневмония диагнозы қойылған Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жазылып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ knews.kg-ге сілтеме жасап.

Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайы жақсарды
Фото: kremlin.ru: Depositphotos

30 маусымда Қырғызстанның бұрынғы президенті екі жақты пневмония диагнозымен президент әкімшілігі мен үкіметтің клиникалық ауруханасына жатқызылған болатын.

Арнайы қызметтің мәліметінше, қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық.

"Дәрігерлердің кеңесі орындалды, нәтижесінде Атамбаевты ҰҚМК тергеу изоляторына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ол тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында," - деп хабарлады ҰҚМК.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан екіжақты пневмония диагнозымен ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

29 маусымда Атамбаев денсаулығының нашарлауына қатысты шағымданып, соған байланысты одан COVID-19-ға ПТР-сынама алынған. Бірақ тест нәтижесі теріс болып шыққан.

Мемлекеттік комитетте нақтылағандай, МҰҚК тергеу изоляторы қалыпты режимде жұмыс істейді. МҰҚК тергеу изоляторының барлық қызметкерлері COVID-19 инфекциясына тексеруден өтті, олардың арасында коронавирус расталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864113-almazbek-atambaevty-densaulyk-zagdajy-turaly-belgili-boldy/

pixel