Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos
"Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын", - делінген құжат мәтінінде.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені елімізде коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл 2006 жылдан бері еліміздегі тоғызыншы жағдай.

Олардың арасында "Ленин" мен "Абайдағы" жарылыс, Қызылағаш пен Арқанкерген оқиғасы, Ақтөбедегі лаңкестік, Алматы мен Шымкенттегі ұшақ апаттары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864116-tokaev-zalpylttyk-aza-ttu-knin-zarialau-turaly-kimge-kol-kojdy/

pixel