Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жерден алып, жерге салу қажет емес": Белгілі актер Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті

Опубликовано:

Танымал отандық актер, сатирик Алмат Сақатов басы дауға қалған эстрада әншісі Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Әртіс Facebook желісінде Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосын көргенін мәлімдеді.

"Баяғыда бір ақсақал ақ қағаздың бетіне кішкене қара нүкте салып, оқушыларынан не көріп тұрсыңдар деп сұрапты. Сонда шәкірттерінің барлығы қара нүкте көріп тұрмыз депті. Бұны тыңдаған ақсақал: "өмірде үйреніңдер, сендер мына жерден қара нүктені көреміз деп, үлкен ақ қағазды көрмей тұрсыңдар" деген екен.
Құрметті ағайын, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан да сәл бір сүрінген екен деп жерден алып, жерге салу қажет емес", - деді әртіс Instagram-дағы парақшасында.

Өнер иесі Сейфуллин Жолбарыстың дүкендегі әрекеті қателік екенін мойындаы.

"Әрине, қателік, бірақ жігітті демейтін қасындағы елі, достары ғой. Аман болыңыздар", - деді Сақатов.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыстың азық-түлік дүкенінде жанжалдасып жатқан видеосы тарағанын жазған болатынбыз. Кейінірек өнер иесі шулы оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

"Бұл оқиға жақында болды. Карантиннің де әсері болған шығар деп ойлаймын. Мен сөзге келіп жатқан уақытта сол жердегі бір кісі түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберіпті. Сол арқылы тарап кеткен. Ол видеоны көрмеген адам қалмаған шығар", - деді белгілі әнші күліп.

Сейфуллин Жолбарыс видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын жарияламағанын жеткізді.

"Алдымен мен ренжіп қалдым. Ол жерін роликтен алып тастапты. Жүйкем тозғаннан кейін ғана айқайға көштім, - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864124-zerden-alyp-zerge-salu-kazet-emes-belgili-akter-sejfullin-zolbaryska-arasa-tsti/

pixel