Выйти
RU

Коронавирусты аллергия мен тұмаудан қалай ажыратуға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан азаматтарына симптомдары арқылы коронавирус пен аллергияны, тұмау мен суық тиюді ажырататын нұсқаулық ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирусты аллергия мен тұмаудан қалай ажыратуға болады

Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығында 11 симптом мен 4 ауру: аллергия, тұмау мен суық тию және коронавирус көрсетілген. Тиімді формат қажеттіні тез анықтап, әрекет етуге септігін тигізеді.

Мамандардың айтуынша, коронавирус кезінде тыныс алу қиындап, дене қызуы көтеріледі, адам құрғақ жөтеле бастайды. Сондай-ақ, бас пен тамақ, буындар ауыруы мүмкін, әлсіздік пайда болуы ықтимал.

Коронавирус инфекциясынан күдіктенгенде бірден жедел жәрдем шақыру ұсынылады. Өздігінен ем қабылдамау қажет.

Коронавирусты аллергия мен тұмаудан қалай ажыратуға болады

Фото: Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Осыған дейін мұндай сұрақ Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте қойылған еді. Елордалық медицина университетінің жедел жәрдем, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова коронавирус инфекциясын басқа аурулардан қандай симптомдар арқылы ажыратуға болатынын нақтылаған еді.

Тағы да оқыңыздар

Спиртпен дезинфекциялау: ДСМ науқастарға арналған "ең нашар" кеңесті атады

Ол дәм мен иіс сезбей қалғанда дүрбелеңге салынбауды ұсынды. Себебі, бұл симптомдар психологиялық деңгейде пайда болуы мүмкін және коронавирус инфекциясымен байланысты емес.

Малтабарова тек дене қызуы мен құрғақ жөтелге назар аудару қажеттігін айтты. Сондай-ақ, тыныс алудың қиындауы да - маңызды симптом.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева коронавирус жұқтырған науқастар антибиотик қабылдауға асықпауы керегін айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусты аллергия мен тұмаудан қалай ажыратуға болады