Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда пандемия кезінде дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты қымбаттады

Опубликовано:

Кезінде арзан тұратын аспирин, парацетамол және басқа да дәрілік заттардың бағасы пандемия кезінде қаншалықты қымбаттады? Нұрфин журналистері еліміздегі дәрі-дәрмек бағасына шолу жасап көрді.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Қазақстандықтар дәріханаларда ең қажетті препараттар табылмайтынын, табылса да, әдеттегі бағадан қымбатырақ түсетінін айтып, жиі шағымдануда.

Бұл жайтқа құзырлы органдар, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан бойынша департаменті қызметкерлері назар аударды деп жазды Sputnik Қазақстан.

Департамент өкілдері қазіргі уақытта қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді тексерді. Олардың қазіргі бағасын ел аумағында карантин мен төтенше жағдай егізілмеген уақыттағы бағамен салыстырды.

Мониторинг жүргізу үшін олар елордадағы фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың ресми сайттарындағы деректерді пайдаланған. Нәтижесінде агенттік бірнеше ай ішінде бөлшек сауда бағасы күрт өскен бірқатар дәрі-дәрмектерді анықтады.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Depositphotos

Дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты өскен?

Құрамында ацетилцистеин белсенді заты бар жөтелге қарсы "АЦЦ" мен "Флуимуцил" препараттарының бағасы биылғы көктемге дейін 1600-ден 2500 теңгеге дейін болған. Қазіргі уақытта бұлардың бағасы 3000-3500 теңге.

Вирусқа қарсы "Ингавирин 90" препараты бұрын 5000-6000 теңге тұрса, бірнеше айдың ішінде оның бағасы 7000-8000 теңгеге дейін көтерілген.

"Ацетилсалицил қышқылы" немесе "Аспирин" – әрдайым ең арзан дәрілердің қатарында болатын. Осы қыста олардың бір данасы 30-100 теңге аралығында болған. Қазіргі бағасы – 200-500 теңге.

Сонымен қатар, "Парацетамолдың" да бағасы көтерілгені белгілі болды. Дене қызуын түсіретін дәрі бұрын 50-150 теңге тұрса, қазіргі уақытта оның бағасы 300-400 теңгені құрайды.

"ЦЕФ III" немесе "Цефтриаксон" антибиотигі карантинге дейін 1100-1700 теңге болса, қазір дәріханаларда 1900-3000 теңгеден сатылуда.

"Клексан" мен "Фраксипарин" антикоагулянттарының бағасы бұрын да арзан емес еді. Эпидемияға дейін олар 17 500 – 21 000 теңге тұрса, қазіргі уақытта 25 000 – 27 000 теңгеге дейін қымбаттаған.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Дәрі-дәрмектер негізінде қанша тұруы тиіс?

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дәрі-дәрмектің шекті бағасы белгіленген болатын.

Заңнамаға сәйкес, "Флуимуцилдың" әртүрлі формадағы бөлшек сауда бағасы 2743-тен 3252 теңгеге дейін болуы тиіс. "АЦЦ"-ның ішке қабылдауға арналған 200 миллилитрлік ерітіндісі 1922 теңгеден қымбат тұрмауы керек.

"Ингавирин 90" препаратының шекті бағасы – 5640 теңге. Ал "Аспириннің" ең жоғары бағасы 128 теңге болып белгіленген.

Таблеткалардағы "Парацетамолдың" да ең жоғары бағасы 128 теңге болуы тиіс. "ЦЕФ III" препаратының шекті бағасы – 2782 теңге.

"Клексанның" 0,4 миллилитрлік 10 ампуласы 18 625 теңге, ал 0,8 миллилитрлік мөлшері 33 932 теңге тұруы тиіс. Ал "Фраксипариннің" осындай мөлшерлердегі қаптамасы 19 420 және 31 936 теңге болып белгіленген.

Департамент өкілдері белгіленген шекті бағаны бұзған дәріханалар туралы ақпаратты құзырлы органдарға хабарлауға уәде берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрфин редакциясы әртүрлі дәріхана желілеріндегі дәрі-дәрмек бағаларына шолу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1864127-kazakstanda-pandemia-kezinde-dri-drmek-bagasy-kansalykty-kymbattady/

pixel