Выйти
RU

Әйнегі сынған ұшақты лезде қондырған ұшқыш жолаушыларды аман алып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайлық Ruili Airlines әуе компаниясының ұшқышы ұшақтағы әйнектің сынуына байланысты шұғыл жерге қонып, жолаушыларды құтқаруға мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Әйнегі сынған ұшақты қондырған ұшқыш жолаушыларды аман алып қалды

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, Boeing 738 ұшағы Қытайдың Сиань қаласынан Куньминге бағыт алған. Жарты сағат әуеде қалықтағаннан кейін экипаж әйнектің сынғанын байқапты.

Содан кейін ұшқыштар тез арада Чунцинге қонуға мәжбүр болған. Радарлардан алынған ақпаратқа сәйкес, ол кезде ұшақ 9,4 мың метр биіктікте болған және күрт төмендеп, ұшуы баяулай бастаған. Ұшқыштар алты минут ішінде 3,8 мың метрге төмендеген.

Нәтижесінде әуе кемесінің командирі ұшақты жерге сәтті қондыра алған.

Бұл жайттан жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекпеген. Әуежай инженерлері қонғаннан кейін әйнектің не себепті сынғанын анықтау үшін әуе кемесін қосымша тексерістен өткізген.

Тағы да оқыңыздар

Ресейде селфи жасамақ болған әйел жардан құлап қайтыс болды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 39 жастағы азаматтың қайтыс болуына бірнеше минут қалғанда анасына селфи жібергені туралы жазған едік.

Даниэль Шедд университетте бірге оқыған үш досымен бірге төрт орынды бір моторлы ұшақпен ұшпақшы болды. Алайда әуеге көтерілгеннен кейін бес минуттан соң ұшақ Иллинойс штаты Карлинвилль қаласының маңында құлаған екен.

Салдарынан барлық жолаушылар қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйнегі сынған ұшақты лезде қондырған ұшқыш жолаушыларды аман алып қалды