RU

Алматы облысында үйде дәріхана ашып алған әйел анықталды

Алматы облысының тұрғыны өз үйінде заңсыз дәріхана қызметін ұйымдастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында үйде дәріхана ашып алған әйел анықталды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз дәріхананың қызметін әшкерелеп, Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Алтынемел ауылындағы жеке үйлердің бірінде дәрі-дәрмек сатылатынын анықтаған.

Тергеу барысында ауыл тұрғынының үйінде заңға қайшы қызмет көрсетілген. Қолдан жасалған "дәріхана" сөресінде дәрі-дәрмектің кез келген түрін табуға болатыны белгілі болды. Заңсыз дәріхана қызметін сол ауылда тұратын әйел ұйымдастырған.

Бұл қызметпен айналысуға оның лицензиясы мен рұқсат құжаттары болмаған, яғни медициналық қызмет көрсетуге еш құқығы жоқ екені анықталды. Алыпсатар әйел аудандағы дәріханалардың бірінен дәрілерді сатып алып, өзі баға қойып, ауыл тұрғындарына сатып отырған. 

Тәртіп сақшылары тексеру барысында саудагердің бұған дейін қораптармен сатып алған 60-қа жуық дәрі-дәрмектің түрін тәркілеген.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлілер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

Айта кетейік, осыған дейін редакция Қазақстанда пандемия кезінде дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты қымбаттағанын анықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864144-almaty-oblysynda-jde-drihana-asyp-algan-jel-anyktaldy.html