Выйти
RU

Көкшетауда науқас палатадағы көршісінің өлімі жайлы айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде бірнеше видео пайда болды. Бейнероликтің бірінде әйел адам Көкшетаудағы тері-венерологиялық диспансерде әкесінің көз жұмғанын айтады. Басқа екі видеоны қайтыс болған ер адаммен бір палатада жатқан науқас түсірген. Бұл жағдайға Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Марқұмның қызы Нарғыз Жұмабаеваның айтуынша, әкесін 4 маусымда жедел жәрдем алып кеткен. Ол тері-венерологиялық диспансер базасында ұйымдастырылған уақытша стационарға жатқызылған.

Әйелдің айтуынша, 72 жастағы әкесі ауруханаға өз аяғымен барған, есін білетін. Бұған дейін денсаулығы мазаламаған, алайда, кейінгі үш күнде ентіге бастапты.

Нарғыз медициналық мекемеге әкесімен бірге барғанын, қабылдау бөлімінде қалдырған кезде онымен сөйлесіп отырғанын айтады. Ал әлеуметтік желіде жарияланған видеода ол марқұм әкесінің денесін алып кетуге келгенін жеткізген.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда үш жасар баланы аяусыз ұрып тастаған азамат ұсталды

Ал басқа екі бейнероликті онымен бір палатада жатқан науқас түсірген. Автор видеода ер адамның қайтыс болғанын хабарлайды. Айтуынша, оны шамамен бір сағат бұрын ауруханаға жеткізген.

Науқас өзінің де жағдайы нашар екенін мәлімдеді, алайда, дәрігерлер оған біраз күте тұру керектігін айтқан.

Ер адам палатадағы көршісінің жан тапсырар алдында жылағанын жеткізді. Болжамынша, ол қатты ауырған көрінеді. Бейнероликтің авторы дәрігерлердің көз жұмған науқасты әкеліп, "төсекке лақтырғанын, қайта тұруға әрекеттенген жағдайда, оны байлап қоямыз деп қорқытқанын" алға тартты.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайға қатысты пікір білдірді деп жазды Sputnik Қазақстан.

"1948 жылы туған науқас 4 маусымда сағат 08:16-да ауыр жағдайда жедел жәрдем бригадасымен тері-венерология орталығындағы провизорлық бөлімнің қабылдау бөліміне жеткізілді. Үш күн бойы ауырған, медициналық көмекке жүгінбеген. Түскен кезде ентігіп, жөтелетінін, әлсіреп, дене қызуы 37 градусқа дейін көтерілгенін айтты. Өкпенің оттегімен қанығуы қабылдау бөлімінде 60% болды. Тыныс алу қозғалысының жиілігі минутына 34-ті көрсетті. Науқас ауруханаға жатқызылды", – деді ведомство өкілдері.

Тағы да оқыңыздар

Елордалық дәрігер аурухананың алдында жатқан кісі туралы видеоға пікір білдірді

Басқарманың баспасөз қызметі науқасты емдеу бекітілген хаттама бойынша жүргізілгенін атап өтті.

"Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, сағат 16:30-да науқас қайтыс болды. Туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", – деді басқармадағылар.

Сондай-ақ олар ауруханаға түсіп жатқан науқастардың көп екенін айтып, түсіністік танытуды сұрады.

"Кейінгі кездері медицина қызметкерлеріне науқастар мен олардың туыстары тарапынан айып тағу, қорқыту және қысым көрсету жиілеп кетті. Сонымен қатар дәрігер, медбикелер мен санитарлардың мойнында халықтың өмірі үшін үлкен жауапкершілік жатыр. Олар бар күш-жігерін жұмсап, психоэмоционалды және физикалық жүктемені басынан өткізіп жатыр", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, провизорлық ауруханадағы көп науқастың жағдайы ауыр.

Тағы да оқыңыздар

Жамбыл облысында емхана басшысы пациентті сотқа бермек

"Медицина қызметкерлері маман тапшылығына байланысты күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Кадрларды жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. COVID-19 инфекциясы расталған және инфекция жұқтыруы мүмкін деген бірқатар қызметкер карантинге жабылды", – деп түсіндірді мамандар.

Сонымен қатар, ведомство бас дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық медицина ұйымдарында (жұқпалы аурулар, провизорлық және карантиндік стационарларда) фото және видео түсіруге тыйым салынғанын хабарлады.

"Осындай типтегі видеоны түсіру оператордың тарапынан этикаға жат деп санаймыз", - деп түйіндеді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы өкімге қол қойған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көкшетауда науқас палатадағы көршісінің өлімі жайлы айтып берді