RU

Дубайда коронавирусты жеңген соңғы науқас ауруханадан шығарылды

Дубайдағы Дүниежүзілік Сауда Орталығында орналасқан COVID-19 пациенттеріне арналған далалық аурухана соңғы науқасты үйіне шығарғаннан кейін жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Русские Эмираты басылымына сілтеме жасап.

Дубайда коронавирусты жеңген соңғы науқас ауруханадан шығарылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Енді, көрме орталығы аумағында үш мың орындық уақытша аурухананың орнына 2020 жылдың 1 қазанына дейін жұмыс істейтін жабық спорттық Dubai Sports World қалашығы орналасты.

Дубайдағы дала ауруханасының ең соңғы науқасы жапониялық иммигрант Хироаки Фужитаның болған. Ол мекемеден шығарда дәрігерлер мен медбикелердің қошеметіне бөленген.

Айта кетейік, аурухананың барлық жабдықтары індеттің екінші толқыны туындаған жағдайда қолданылмақ. Қажет болған кезде далалық аурухананы бірнеше сағатта қайта құруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1962 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 53 021-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енді.

Осы уақыт аралығында қандай нысандардың жұмыс істейтінін, қандай нысандардың қызметіне тыйым салынғанын сілтемеден оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864151-dubajda-koronavirusty-zegen-sogy-naukas-auruhanadan-sygaryldy.html