Выйти
RU

Көпірдегі жарық алматылықтардың үрейін туғызды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Саин-Рысқұлов көшесіндегі көпірде пайда болған жарық қала тұрғындарының үрейін туғызды. Тілші сұранысына жауап берген қалалық мобильдік басқармасы оның деформациялық жік екенін және қанағаттанарлық жағдайда екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпірдегі кең жарық алматылықтардың үрейін туғызды (фото)

Фото: instagram/kris.p.almaty.official: UGC

Алматылықтар бұл жайтқа бей-жай қараған жоқ. Кей қала тұрғындары енді бұл көпірден өтуге қорқатынын жеткізіп жатыр.

Ал кейбіреуі көпірді скотчпен жапсыруды немесе темірмен байлап тастауды ұсынып отыр. Ал басқарма жіктің герметикалық екенін, ал тексеру барысында критикалық дефектілер анықталмағанын хабарлады.

Бұдан басқа, көпір аралықтары арасындағы саңылау екі жағынан қырық сантиметрді құраған, бұл деформациялық жік түріне сәйкес келеді. Бұдан басқа, тіректер мен аралықтарда бетонның бұзылуы байқалмаған.

Сондай-ақ, қалалық мобильдік басқармасында құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес деформациялық жіктердің конструкциялары аралық құрылыс элементтерінің орын ауыстыруының белгілі бір еркіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп орналасуы тиіс екенін атап өткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көпірдегі жарық алматылықтардың үрейін туғызды (фото)