Выйти
RU

"Өзенге секірді": Текелі әкімі аппаратының басшысы жемқорлыққа қарсы қызметтен қашпақ болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі онлайн-брифинг басырында Текелі әкімі аппараты басшысының ведомство өкілдерінен қашып құтылмақ болғанын мәлімдеді. Ол ізін жасырмақ болып өзенге секірген. Қызметкерлер күдіктіні судан алып шығып, тұтқындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шенеуніктің ұсталуы жайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов мәлім етті. Текелі әкімі аппаратының басшысы пара алды деп күдіктелуде.

Тергеудің болжамынша, "Мүгедектер қоғамының" басшысы қаланы абаттандыру бойынша әріптестікте қамқорлық көрсетуі үшін оған 1,5 млн теңге көлемінде пара берген.

Ведомство өкілдері әкім аппаратының басшысын ұстау кезінде оның қашып құтылмақ болғанын хабарлады. Күдікті өзенге секіріп, ізін жасырмақ болған.

Баржақсынов оның өз өмірін қатерге тіккенін атап өтті. Айтуынша, күдікті суға ағып кете жаздаған.

Тағы да оқыңыздар

Банк қызметкері клиенттің несиеге алған ақшасын жымқырған

Қызметкерлер оны судан алып шығып, тұтқындаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы полицейлерінің тұрғынның атынан артығымен несие шығарып, алаяқтық жасаған банк қызметкерін анықтағанын жазғанбыз.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға кез келген құжатқа қол қоймас алдын жақсылап қарап, мұқият зерттеп барып әрекет жасауға кеңес береді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Өзенге секірді": Текелі әкімі аппаратының басшысы жемқорлыққа қарсы қызметтен қашпақ болған