RU

Тәжікстанда сарбаз әскерден босатылу үшін 17 тас жұтып қойған

Тәжікстанда сарбаз әскерден босатылу үшін 17 тас жұтқан сарбаз екі жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстан сарбазы әскерден босатылу үшін 17 тас жұтып қойған
Көрнекі фото: centralasia.media: Getty Images

Басылым мәліметінше, сарбаз әскерге 2019 жылдың қарашасында шақырылған, бірақ бір айдан кейін жеті тас жұтып, Тәжікстан Қорғаныс министрлігі орталық әскери госпиталінің хирургиялық бөліміне жеткізілген.

Госпитальде емделіп жатқан әскери қызметкер бір аптадан кейін тағы да 10 тас жұтқан.

Нәтижесінде ол Тәжікстан Қылмыстық кодексінің 376- бабы 2-бөліміне сәйкес (дене мүшесіне зақым келтіру жолымен әскери қызмет міндеттерін орындаудан жалтару және оны екінші рет қайталау) кінәлі деп танылған.

Душанбе әскери соты сарбазды екі жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында дәрігерлер ер адамның ішінен 112 бұрандалы шеге алып шыққанын хабарлаған едік.

Күрделі отаны облыстық аурухананың үш хирург маманы жасаған. Бұрандалардың жалпы салмағы сегіз жүз грамнан асады.

Басылымның мәліметінше, науқас оларды әдейі жұтқан. Белгілі болғандай ер адам облыстағы колониялардың бірінде жазасын өтеп жатыр.

Кейін ол ауруханадан шығарылып, қалған мерзімін одан әрі өтеуге жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864185-tzikstanda-sarbaz-skerden-bosatylu-sin-17-tas-ztyp-kojgan.html