Выйти
RU

Өзбекстанда карантин қайта күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

10 шілдеден бастап Өзбекстанда карантин шарасы қайта күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда карантин қайта күшейтілді

Фото: centralasia.media

Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен Өзбекстанда 10 шілдеден 1 тамызға дейін автокөліктер қозғалысына шектеу қойылады.

Ұйым қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Бұдан бөлек, той өткізуге, жаппай және діни шаралар ұйымдастыруға тыйым салынып, базарлар, тамақтану орындары, спорт залдар мен шипажайлар жабылады.

65 жастан асқан адамдарға қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, саябақтардағы аттракциондар, мектепке дейінгі білім беру мекемелері, киім-кешек сататын базарлар мен азық-түлік сатпайтын ірі дүкендер, жаттығу залдары мен бассейндер, оқу курстары, үйге дейін жеткізу қызметі бар тамақтану орындарын қоспағанда, мейрамханалар, дәмханалар, асханалар, шәйханалар, шипажай, пансионаттар, балалар лагерьлері, жағажайлар қызметтерін тоқтатады.

Тағы да оқыңыздар

Еліміздің тағы бір облысында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілді

Халықаралық әуе рейстерінің саны екі есе қысқарады. Халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер коронавирусқа тест тапсыруға міндеттеледі.

Ел президенті видеоселекторлық жиналыста аумақтарды "жасыл", "сары" және "қызыл" аймаққа бөлу жұмыстары толыққанды жүргізілмей жатқанын мәлім етті.

Өзбекстан президентінің айтуынша, шілденің бірінші аптасында ауру жұқтырғандар 2 167 адамға артқан. Соның ішінде 1 267 адам (58%) тұрғындар арасынан анықталған.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 259 адамға жеткен. Елде коронавирустан емделіп шыққандар саны – 7 060 адам. 4 152 науқас ем қабылдап жатса, соның ішінде 31-і – ауыр халде және 12-сі – аса ауыр халде. 47 адам осы індеттен қайтыс болған.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтандағы қатаң карантин: Шектеулердің толық тізімі жарияланды

Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары енгізілген

Бұған дейін Қазақстаның Денсаулық сақтау министрі елімізде карантин режимін ұзарту немесе аяқтау туралы шешім қай күні шығатынын хабарлаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өзбекстанда карантин қайта күшейтілді