Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлыма арнауым бар": Қызылордалық тұтқын екі жылда 64 өлең шығарған

Опубликовано:

Қызылорда қаласындағы ЗК 169/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат екі жылда 64 өлең жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ұлыма арнауым бар": Қызылордалық тұтқын екі жылда 64 өлең шығарған
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Абақтыда сотталушыларды телміртіп отырғызбай, уақытын тиімді түрде өткізу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Осындай шараларға белсене қатысып жүретін Асылбек есімді сотталған азамат Қызылорда қаласындағы ЗК 169/5 мекемесінде 2018 жылдан бері жазасын өтеп жатыр.

Асылбектің өлең шығаратын қасиеті бар. Ол жеті жасынан бастап өлең шығара бастаған. Мектеп кезінде шығарған өлеңдері аудандық, республикалық газет беттерінде жарық көрген.

"Ата-анам өлең шығарып, ақындық жолға түсуіме қарсы болды. Себебі , әкем де анам да өнерге  қатысы жоқ адамдар еді. Өлең шығару Алланың берген сыйы шығар, арғы ата-бабаларымыз батыр, ақын болған деседі. Осы мекемеге келгелі екі жылда 64 өлең шығардым. Өлеңдерімнің көбі адамгершілік, мейірім, кішіпейілділік, махаббат, патриоттық бағытында.

Туған жерге, анама деген өлеңдерім де бар. Өлең шығару үшін білімді болу керек, шабыт кез келген уақытта келеді.

Кейде түн ортасында шабыттанып өлең жазғым келеді. Қуанған, ренжіген сәттерімде қолыма қаламымды алып, ішкі жан дүниемді қағаз бетіне түсірем. Жазған өлең- жырларым газетте тұрақты түрде жарияланып отыр", - дейді Асылбек.

Ақынға мекемеде жазасын өтеп жүрген сотталғандар тарапынан да ұсыныстар түсетін көрінеді. Олар баласына, анасы мен бауырына өлең шығарып беруді сұрайды екен.

"Өлеңдерін дер кезінде шығарып беремін. Өзімнің де ұлым бар, жеті жаста. Ұлыма да арнаған арнауым бар. Жазамды өтеп, абақтыдан шықсам, отбасыма қосылып, ұлыма жақсы тәрбие беріп, жақсы азамат етемін деген арманым бар", – деді кейіпкер.

Айта кетейік, осыған дейін Германияның Фехта қаласынан шыққан жас жігіт өзін тастап кеткен сүйіктісін көру үшін жасөспірімдерге арналған түрмеге жасырынып кіргенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864200-lyma-arnauym-bar-kyzylordalyk-ttkyn-eki-zylda-64-le-sygargan/

pixel