Выйти
RU

"Бұл өте қауіпті дерт": Айбек Нұғымаров коронавируспен бір кісідей күресуге шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы Айбек Нұғымаров халықты бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуге шақырды.

Фото: ШҚО әкімдігі

Фото: ШҚО әкімдігі

"Әлемнің барлық түкпірін шарпыған індет біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Кеше облыс әкімі Даниял Кенжетаевичтің COVID-19 бойынша өткен онлайн-конференциясында айтқандай алдын алу шаралары дер кезінде қолға алынса да, қауіпті дерт облысымыз бойынша белең алуда. Өйткені үкіметтің қаулыларында көрсетілген нұсқаулар мен тыйымдарға құлақ асып, сақтық шараларын мұқият орындамаған адамдардың саны жетерлік.

Осы орайда Даниял Ахметов Сәуір мен мамыр айларында қатаң қауіпсіздік шараларын қолданғандықтан, өңірімізде короновирустың таралуын тежеу мүмкіндіктері болғандығын айтты. Демек, көп нәрсе өзімізге байланысты. Сақтық шараларын мұқият орындау өзге үшін емес, ең әуелі өзіміздің және жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін қажет екендігін есімізде сақтайық. Өйткені алапат індет ешкімді аямайтынна көзім жетті. Аталмыш індет, мені де айналып өткен жоқ.

Бұл өте қауіпті дерт. Бұл ретте медицина қызметкерлерінің еңбегіне баға жетпейді – мұны қазіргі уақыт айқын көрсетіп отыр. Өз басым дәрігерлер мен жергілікті атқарушы биліктің өзара іс-қимылының нақты жүйесі құрылғандығын байқадым, әзірленген Алгоритмдер мені сауықтыруға өзіндік үлесін қосты. Ең бастысы облыс басшысы конференцияда барлық қалалық және аудандық ауруханаларда қарқынды терапия палаталары дайын және медициналық мекемелер қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілгендігін айтты.

Билік өз тарапынан барлық шараларды жасауда, біз де өз кезегімізде салған тыйымдарға бағынып, дерттің алдын алу шараларына жауапкершілікпен қарауымыз керек. Татулық пен тұтастықтың арқасында кез келген қиындықтан шығуға болады. Сондықтан бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет", - дейді Айбек Нұғымаров.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бұл өте қауіпті дерт": Айбек Нұғымаров коронавируспен бір кісідей күресуге шақырды