Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада дәрілік заттар жетіспеушілігі мониторингтік топтың бақылауында

Опубликовано:

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасына сәйкес Қызылорада облысында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылды.

Қызылордада дәрілік заттар жетіспеушілігі мониторингтік топтың бақылауында
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі: Facebook

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, экономикалық тергеу департаменті мен кәсіпкерлік және туризм басқармасы, фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту ассоциациясы мен құқық қорғау және үкіметтік емес ұйымдар, белсенді азаматтардан құрылған мониторингтік топ жергілікті емханалар мен дәріханалардағы дәрілік заттарды зерделеуде.

Қызылордада дәрілік заттар жетіспеушілігі мониторингтік топтың бақылауында
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі: Instagram

Соңғы екі күннің өзінде мониторингтік топ мүшелері облыс орталығындағы халық көп баратын №6 және №4 емханаларда, «Europharma», «Фармсервис» ЖШС-і, «Доктор Плюс», «Адонис», «Доктор Плюс Аман», «Доктор Плюс-2» және №1, №50 дәріханаларында болып, дәріхана сөрелерінде тапшы дәрілердің тізбесін жасақтап, жедел әрекет ету шараларын қабылдауда.

Осындай қарқынды шаралардың нәтижесінде «Europharma» ЖШС дәріханалар желісіне 8 тонна дәрілік заттар жеткізіліп, қаладағы 15 дәріханаға таратылса, «Фарматека» ЖШС-нің дәрі-дәрмектер қоймасына 300 қорап дәрілік заттар келіп, серіктестікке қарасты 10 дәріханаға таратылған.

Қызылордада дәрілік заттар жетіспеушілігі мониторингтік топтың бақылауында
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі: Instagram

Сонымен қатар, №6 қалалық емхана тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық тегін дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілген.

Ал, кейбір дәріхаларда ең қажетті деген бірқатар дәрілік заттардың жоқ екені анықталған. Осы салаға жауапты мамандарының айтуынша бұл дәріханаларда қажет дәрі-дәрмектің қоры апта соңына дейін толықтырылатын болады.

Қызылордада дәрілік заттар жетіспеушілігі мониторингтік топтың бақылауында
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі: Twitter

Айта кету керек, мониторингтік топ жұмысы барысында дәрі-дәрмек бағалары белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан қымбат сату фактілері анықталмаған.

Мониторингтік топтың жұмысы облыс әкімінің тікелей бақылауында және бұл жұмыстар күнделікті тұрақты түрде жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864207-kyzylordada-drilik-zattar-zetispeusiligi-monitoringtik-topty-bakylauynda/

pixel