Выйти
RU

Шөкеев: Пневмониядан көз жұмған дәрігерлердің жанұясына көмек береміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында 132 медицина қызметкеріCOVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Олардың ішінде әзірге 24-і емделіп шығыпты. Ал пневмониядан, өкінішке қарай, 5 дәрігер қайтыс болған. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ррррр

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Өңір басшысының айтуынша, жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың жанұясына тиісті жәрдемақы беріледі.

«Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлердің еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – біздің парызымыз», - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Айта кетерлігі, өңірде коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлерге материалдық үстемақы қарастырылған.

Тағы да оқыңыздар

Пандемия басталғалы 132 түркістандық дәрігер коронавирус жұқтырған

Наурыз-маусым айларында 17 368 қызметкерге үш санат бойынша барлығы 2 867,1 млн теңге берілген.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан азаматтарына симптомдары арқылы коронавирус пен аллергияны, тұмау мен суық тиюді ажырататын нұсқаулық ұсынған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шөкеев: Пневмониядан көз жұмған дәрігерлердің жанұясына көмек береміз