Выйти
RU

Қазақстанда тағы 6 жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда бірқатар жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

пойыз

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

ҚР Мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 2 шілдедегі шешіміне, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 3 шілдедегі №44 қаулысына сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хаты негізінде

СОVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында осы шешімнің күші жойылғанға дейін бірқатар жолаушылар пойызының жүруі уақытша тоқтатылады:

1) 2020 жылдың 9 шілдеде «Алматы-2» стансасынан аттануы тиіс № 29/30 «Алматы-2 – Атырау» пойызы 9 шілдеден Алматыдан жөнелтілсе, Атыраудан 11 шілдеден бастап жөнелтілу керек болатын.

2) 2020 жылдың 10 шілдеде Маңғыстау стансасынан аттануы тиіс № 37/38 «Маңғыстау-Нұр-сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеде шықса Нұр-сұлтан «Нұрлы жолда» 12 шілдеде аттанып, Маңғыстауға 14 шілдеде келуі тиіс болған.

Тағы да оқыңыздар

Шымкент: Эпидемиологиялық жағдай бақылауда

3) 2020 жылдың 10 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 309/310 «Маңғыстау-Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден бастап жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Ақтөбеден 11 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 13 шілдеден бастап келеді.

4) 2020 жылдың 10 шілдеден бастап Маңғыстау стансасы бойынша № 657/658 «Маңғыстау – Бейнеу» пойызы Маңғыстаудан 10 шілдеден жөнелтілсе, келетін/жөнелтілетін Бейнеуден 11 шілдеден жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 12 шілдеден бастап келеді.

5) 2020 жылдың 11 шілдеден бастап Алматы-2 стансасы бойынша № 77/78 «Алматы-2-Маңғыстау» пойызы Алматыдан 11 шілдеден бастап жөнелтілсе, Маңғыстаудан 14 шілдеден бастап жөнелтілуі тиіс, ал «Алматы-2» стансасына 17 шілдеден бастап келуі керек болатын.

6) 13 шілдеде Маңғыстау стансасынан аттанатын № 77/78 «Маңғыстау-Алматы-2» Маңғыстаудан 13 шілдеден бастап жөнелтілсе, Алматыдан 16 шілдеден бастап келеді/жөнелтіледі, ал Маңғыстауға 19 шілдеден бастап келуі тиіс еді.

Тағы да оқыңыздар

Атырау тұрғындарына 23:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынды

«Аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтаруды рәсімдей алады және ақшасы толық көлемде қайтарылады. Билет құнын қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Жолаушы пойызының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі бойынша білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды және коронавирус пандемиясының таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан азаматтарына симптомдар арқылы коронавирус пен аллергияны, тұмау мен суық тиюді ажырататын нұсқаулық ұсынған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы 6 жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды