Выйти
RU

Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Моңғолия мен Қытайда оба өршіді. Арнайы түсініктеме берген ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

Фото: ukranews.com: Facebook

"Тарихи аумақ тұрғысынан алғанда Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы болып тұр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемде ірі қара обасының жағдайын қауіпсіз деп таныды. Барлық елдерде мұндай мәртебе бар",– деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Қазақстан африкалық шошқа обасы бойынша қауіпсіз ел мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

"Мемлекеттік ветеринарлық инспекция бірқатар бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ профилактикалық шаралар мен диагностикалық сынақтарды жүргізеді. Аурудың алғашқы белгісі анықталғаннан бері жағдай бақылауда",– деп түйіндеді Әбілқасымова.

Тағы да оқыңыздар

"Екінші толқын емес": Дәрігер Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы туралы айтты

Бұған дейін Қытай билігі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында қойшының бубон обасымен ауырғаны туралы хабарлады. Ал Моңғолияда аталған ауруға күдіктенген үш жағдай анықталды.

Айта кетейік, бубон обасы бактериядан туындайды және антибиотиктермен тиімді емделеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме