RU

Жоғалып кеткен Сеул қаласының мэрі өлі табылды

Тәртіп сақшылары бейсенбі күні жоғалып кеткен Оңтүстік Корея астанасның мэрі Пак Вон Сунның денесі табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Пак Вон Сун. Фото: Getty Images/ The Asahi Shimbun / Contributor
Пак Вон Сун. Фото: Getty Images/ The Asahi Shimbun / Contributor: Depositphotos

64 жастағы Пак Вон Сунның жоғалып кеткенін полицияға бейсенбі күні оның қызы хабарлаған.

Оның айтуынша, Сеул қаласының мэрі өсиетке ұқсас мазмұндағы хат қалдырып кеткен және телефонын өшіріп тастады.

Одан бөлек, Пак Вон Сунның бейсенбі күні жұмысқа бармағандықтан, жоспарланған барлық іс-шара мен кездесулер кейінге қалдырылған.

Мэрді іздеуге тәртіп сақшылары, дрондар мен иттер жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Оңтүстік Кореяда коронавирустың екінші толқыны басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мемлекет COVID-19-бен күресте жетістікке жетті, алайда билік пандемия бірнеше ай бойы жалғасады деп күтуде.

Корейлік ауруларды бақылау орталығының басшысы Чон Ын Кен алғашқы толқын сәуір айына дейін созылды дейді.

Мамыр айынан бастап жаңа вирус жұқтырғандар саны көбейді. Осы кезеңдердің арасында соңғы үш күнде аурудың күн сайынғы расталған жағдайларының саны мыңнан нөлге дейін қысқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864238-zogalyp-ketken-seul-kalasyny-meri-li-tabyldy.html