RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 55 мыңға жуықтады

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1726 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 54 747-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Қазақстанда өткен тәулікте 1726 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 936 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 180 / 89

Алматы қаласы - 217 / 73

Шымкент қаласы - 49 / 22

Ақмола облысы - 34 / 27

Ақтөбе облысы - 49 / 27

Алматы облысы - 108 / 68

Атырау облысы - 336 / 229

Шығыс Қазақстан облысы - 121 / 52

Жамбыл облысы - 48 / 38

Батыс Қазақстан облысы - 99 / 39

Қарағанды облысы - 120 / 68

Қостанай облысы - 121 / 78

Қызылорда облысы - 63 / 30

Маңғыстау облысы - 52 / 51

Павлодар облысы - 52 / 15

Солтүстік Қазақстан облысы - 50 / 19

Түркістан облысы - 27 / 11

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енді.

Осы уақыт аралығында қандай нысандардың жұмыс істейтінін, қандай нысандардың қызметіне тыйым салынғанын сілтемеден оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864245-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandardy-sany-55-myga-zuyktady.html