Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Айқын коронавирустан айығып, ауруханадан шықты (фото)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепберген жақсы жаңалығымен жанкүйерлерін қуантты. Коронавирус инфекциясын жұқтырып ауруханаға түскен әнші бүгінде дертінен айығып, үйіне оралды. Өнер иесі өзін бірнеше күн бойы емдеп, аяққа тұрғызған ақ халаттыларға алғысые жаудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn.
Фото: Instagram/aikyn.: Instagram

Айқын Төлепберген ауруханада жатса да, Instagram желісіндгіе асқан белсенділігін бәсеңдеткен жоқ. Керісінше, ол көпшілікпен қандай ем қабылдап жатқанымен бөлісіп жүрді.

Енді бүгін әнші дәрігерлердің елеулі еңбегінің арқасында індетті еңсеріп, емханадан шықты.

Эстрада жұлдызы қайта қалпына келу кезеңін өз үйінде отбасымен өткізбек. Ол күніге түрлі тыныс алу жаттығуларын жасауы керек.

"Алланың қалауымен ауруханадан шығамын! Емхананың барша қызметкерлеріне, оның ішінде дәрігерлеріне, медбикелеріне, техникалық қызметкерлеріне алғысым шексіз. Енді реабилитация кезеңін үйде өткізем, бұйырса. Күніге жаттығу, тыныс гимнастика мен изоляция. Осы пандемиямен күресте медицина қызметкерлерінің рөлі ерекше! Төрт айға жуық күніге тығыз еңбек етіп жатыр. Сіздерге басымды иемін. Ал құрметті оқырмандар, карантинді сақтайық. Бұл індет ойыншық емес. Үлкендерімізді сақтайық" , - деп жазды Айқын Төлепберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1864250-nsi-ajkyn-koronavirustan-ajygyp-auruhanadan-sykty-foto/

pixel