RU

Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін сағат 11:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді.

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", - деді ол.

Соңғы дерек бойынша, елімізде 55 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Өткен тәулікте қауіпті дертті жұқтырған 1726 науқас тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енді.

Осы уақыт аралығында қандай нысандардың жұмыс істейтінін, қандай нысандардың қызметіне тыйым салынғанын сілтемеден оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864269-bgin-tokaevty-tragalygymen-kimetti-keejtilgen-otyrysy-tedi.html