Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы әкімінің орынбасары пневмониядан көз жұмды

Опубликовано:

Талдықорған қаласында Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz: Instagram

Бұл ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі растап отыр. Марқұм 60 жаста болған.

Хабар 24 арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, Серікжан Бескемпіров пневмониядан көз жұмды.

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысының Үштөбе қаласында туған.

1983 жылы Алматы энергетика институтын "инженер-электрик" мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Үштөбе ет комбинатының аға шебері, механик, шебер болып бастады (1983, 1985-1993).

Әр жылдары Қаратал ауданының әкімі (2002-2004), Панфилов ауданының әкімі (11.2004-09.2005), Алматы облысы Текелі қаласының әкімі (09.2005-01.2012), V шақырылымдағы Алматы облыстық мәслихатының хатшысы (01.2012-06.2012) болды.

Ол 2012 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың пневмониядан қайтыс болғаны хабарланды.

Өңір басшысы Амандық Баталов Facebook желісіндегі парақшасында марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1864293-almaty-oblysy-kimini-orynbasary-pnevmoniadan-kz-zmdy/

pixel