Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы жер асты дәріханасын ашқан опа-далап дүкенін анықтады

Опубликовано:

Алматы қаласы полициясы опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі адамды ұастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы жер асты дәріханасын ашқан опа-далап дүкенін анықтады
Фото: polisia.kz: UGC

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі адамды ұстады.

Дүкеннің бұл қызмет түріне лицензиясы болған жоқ. Тергеу барысында аталған мекемеде әр түрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.

"Үш күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді. Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды.
Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын көтергендерге қандай жаза қарастырылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864306-almaty-policiasy-zer-asty-drihanasyn-askan-opa-dalap-dkenin-anyktady/

pixel