RU

Мемлекет басшысы: Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады

Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу туралы тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram
"Пандемиямен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін Үкіметтен және өңірлерден 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты міндет – коронавирустың жұғу қарқынын ауыздықтап, таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде айтарлықтай нәтижеге жету", - деді ол.

Мемлекет басшының айтуынша, індетке қарсы күрес карантин шаралары қатаң сақталған кезде ғана нәтижелі болады.

"Мұны шетелдің тәжірибесінен көріп отырмыз. Ал біздің елімізде қоғамдық тәртіп едәуір ақсап тұр. Полиция және санитарлық дәрігерлер карантин режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек", - еп түсіндірді Тоқаев.

Президент бұл халықтың денсаулығы мен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін аса қажет екенін айтты.

"Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады. Себебі олар тек өзінің ғана емес, өзгелердің де денсаулығына қауіп төндіреді. Салғырттыққа, бейқамдыққа жол бермеу керек", - деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видеобайланыс арқылы ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864308-tokaev-karantin-rezimin-bzgandar-zauapka-tartylady.html