RU

Президент: Денсаулық сақтау министрлігі өрескел қателіктер жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды. Ол құзырлы органның басқару ісінде бірқатар өрескел қателік жібергенін айтты. Оған қоса, президент індетпен күресте әкімдер де тиісті деңгейде жұмыс атқармағанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Twitter желісіндегі AkordaPress парақшасына сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы билік органдарының жұмысы үкімет тарапынан дұрыс бақыланбағанын қадап айтты.

Тоқаев алдағы уақытта жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құруды тапсырды. Оның мүшелері ортақ жұмысқа кедергі жасамай, президентке ұсыныс беруі керек.

"Келесі маңызды міндет–толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету. Денсаулық сақтау министрлігі басқару ісінде бірқатар өрескел қателіктер жіберді. Әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқарған жоқ. Үкімет те бақыламады.

Тағы да оқыңыздар

"Ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін": Тоқаев үкіметке ескерту жасады

Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек" , - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Оның барысында Тоқаев бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Ол қазіргі таңда дәрі-дәрмекті қолдан қымбаттату оқиғаларына қатысты пікір білдіріп, індет уақытында осындай жолмен пайда таппақ болғандарды жауапқа тарту керек екенін айтты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент: Денсаулық сақтау министрлігі өрескел қателіктер жіберді