Выйти
RU

Тоқаев індет кезінде азық-түлік тауарларының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында пандемия кезінде халықтың табысы азайып, бірқатар азық-түлік тауарының қымбаттай түскенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев індет кезінде азық-түлік тауарларының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Фото: Ақорда: Facebook

"2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев індет кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің біразының қымбаттағанын алға тартты.

"Індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті. Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты.
Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек", - деді Тоқаев өз сөзінде.

Тағы да оқыңыздар

"Намысымыз қайда": Президент дәрі-дәрмек өндірісін қолға алуды тапсырды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы коронавируспен күрестегі қателіктерді атап өткен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев індет кезінде азық-түлік тауарларының қымбаттауына қатысты пікір білдірді