Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар басшыны жұмыстан босатуды тапсырды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес саласында туындаған қиындықтар үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті медициналық көмек пен аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету мәселесіне тоқталды. Тоқаев осы орайда тергеу жүргізу қажеттігін баса айтты.

Оның сөзінше, жұмысын дұрыс атқармаған басшылар қызметінен кетуі керек.

"Тергеу жүргізу керек. Қазіргі қиындықтарға кінәлі барлық адамды жауапқа тарту қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылары жұмыстан шығарылсын немесе тергеуге алынуы керек", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешу қажеттігін жеткізді.

"Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Енді нәтиже керек", - деп түйіндеді Тоқаев.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видеобайланыс арқылы ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1864322-tokaev-birkatar-bassyny-zmystan-bosatudy-tapsyrdy/

pixel