RU

Тоқаев: Министрліктер мен облыс басшыларының барлығы сөгіске лайық

Қазақстан президенті індетпен күресте тиісті деңгейде жұмыс атқармаған министрліктер мен облыс басшыларын сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев олардың барлығы да сөгіске лайық екенін басып айтты. Оған қоса, президент үкіметке коронавирусқа қарсы шұғыл шешімдер даярлау үшін бес күндік мерзім берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Twitter желісіндегі AkordaPress парақшасына сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos
"Бұған дейін бірқатар әкімдерге сөгіс жарияланды. Негізі, оған барлық министрліктер мен облыс басшылары лайық. Үкіметке коронавируспен күрес және оның зардаптарына байланысты шұғыл шешімдерді қабылдаудың құқықтық алгоритмін дайындауға бес күндік мерзім беремін. Бұл шешімдер бір немесе екі күн ішінде қабылданып, іске асуы қажет. Қазіргі жағдай құқыққорғау органдарынан нақты шешімдер мен нақты әрекеттерді талап етеді" , - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Оның барысында Тоқаев бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Президент денсаулық сақтау министрлігі басқаруында бірқатар өрескел қателіктер жібергенін айтты. Оған қоса, ол әкімдердің атқарған жұмысына көңілі толмағанын жасырмады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы уақытта жіберілген олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864328-tokaev-ministrlikter-men-oblys-bassylaryny-barlygy-sgiske-lajyk.html