RU

Тоқаевтың тапсырмасы: Мектептерде жаңа пән енгізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мектептерде экологияға қатысты жаңа пән енгізу керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Бізге мектептерде балалардың экологиялық білімі атты жаңа пән енгізу қажет", – деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев экология проблемалары елімізде тиісті деңгейде шешілмей жатқанын баса айтты.

Оның сөзінше, жыл сайын бес миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Оның тек 15 пайызы ғана өңделеді.

"Бұл жеткіліксіз", – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев біржолғы рейдтер, айыппұл, экологиялық айлықтар айтарлықтай нәтиже бермей отырғанын тілге тиек етті.

Ол бұл мәселені шешу үшін экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды.

Ол құзырлы органның басқару ісінде бірқатар өрескел қателік жібергенін айтты.

Оған қоса, президент індетпен күресте әкімдер де тиісті деңгейде жұмыс атқармағанын жеткізді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы коронавируспен күресте тиісті деңгейде әзірлене алмағанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864330-tokaevty-tapsyrmasy-mektepterde-zaa-pn-engiziledi.html