RU

Танымалдық үшін акуламен суға түскен модель қолынан айырыла жаздады

Калифорниялық инстаграм-модель Катарина Заруцки желі оқырмандарының назарын өзіне аударып, лүпіл жинау үшін Багамада акулалармен бірге суға түсуді жөн көріпті. Жыртқыштармен әдемі сурет жасамақ болған ару қолынан айырылып қала жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Танымалдық үшін акуламен суға түскен модель қолынан айырыла жаздады
Фото: instagram.com/katarinazarutskie: UGC

19 жастағы Катарина желіде өзінің фототүсірілім кезінде акулаларға жем бола жаздағанын жазды.

Майами университетінің студенті халықаралық сауда және мейірбике ісі секілді екі кәсіпті бірден меңгеруде.

Танымалдық үшін акуламен суға түскен модель қолынан айырыла жаздады
Фото: instagram.com/katarinazarutskie: UGC

Ал Багама аралына бойжеткен сүйіктісі мен оның отбасымен бірге келіпті.

Ол уақытты қызықты өткізу үшін және әлеуметтік желідегі парақшасын түрлендіру мақсатында акулалармен бірге фототүсірілім жасауды жөн көрген.

Танымалдық үшін акуламен суға түскен модель қолынан айырыла жаздады
Фото: instagram.com/katarinazarutskie: UGC

Ол үшін бойжеткен түсірілім үшін арнайы адам үшін қауіп төндірмейтін акулаларды таңдап алыпты.

Әуелде бәрі ойдағыдай келе жатқан. Алайда бір кезде акула Катаринаның қолын тістеп, судың астына әкетуге тырысқан.

"Қолымнан тістеп алды. Мен тісінің денеме батып бара жатқанын сездім", - дейді ол.

Осыдан кейін бойжеткен жақын маңайдағы ауруханаға барыпты. Дәрігерлер қыздың жарақатын таңып берген.

Естеріңізге сала кетейік, туғанынан көзі көрмейтін жігіттің әлемдегі ең қауіпті толқынды бағындырғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864340-tanymaldyk-sin-akulamen-suga-tsken-model-kolynan-ajyryla-zazdady.html