Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ өкілі: Коронавирустың екінші толқыны ертең-ақ келуі мүмкін

Опубликовано:

Ресейдегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович барлығы босаңсыған жағдайда, коронавирустың екінші толқыны ертең-ақ келуі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мелита Вуйнович. Фото: РБК / Андрей Любимов
Мелита Вуйнович. Фото: РБК / Андрей Любимов: Facebook

Ол СOVID-19 індетінің таралу жағдайы көптеген факторларға байланысты болғандықтан, нақты болжамдар жасау мүмкін емес екенін жеткізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі адамдардың бірқатар гигиенталық шараларды сақтап жүрсе, коронавирус жұқтыру қаупі айтарлықтай төмендейтінін тілге тиек етті. Атап айтқанда – маска тағу, үнемі қол жуу және арақашықтық сақтау.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталса, ары қарай көпшілік іс-шараларды өткізу мәселесін ойлануға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дәрігерлер коронавирус инфекциясын тұмаудан қалай ажыратуға болатынын айтып берген еді.

Шығыс Қазақстан облысының бас пульмонологы Зағрипа Әбдиева тұмау кезінде демікпе болмайтынын жеткізді. Оның сөзінше, дене қызуы көтерілгенімен, мұрын бітелмейді. Ал, коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің буын-буыны сырқырап, дәм сезбейді.

Медицина қызметкері "мұндай симпотомдар байқалған жағдайды дәрігер көмегіне жүгіну керек" дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864344-dds-kili-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-erte-ak-kelui-mmkin/

pixel