RU

Президент екінші жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа арналған екінші жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Президент екінші жолдауында қандай мәселені көтеретінін айтты
Фото: Ақорда: Instagram
"Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен өзімнің екінші жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын", - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикасы шикізаттық сипатқа ие Қазақстан үшін дағдарыс өте қауіпті екенін айтты. Ол елге дамудың жаңа бағдары қажет деп санайды.

"Күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға ақша мен күш жұмсауға қақымыз жоқ. Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында құрылымды реформалар жүргізетін кез келді", - деді президенті

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видеобайланыс арқылы ұйымдастырылды.

Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864348-prezident-ekinsi-zoldauynda-kandaj-mseleni-kteretinin-ajtty.html