RU

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды

Telegram logo VKontakte logo

Оңтүстік астанада енгізілген карантиндік режимге байланысты мегаполисте қоғамдық көлік бірнеше күн жұмыс істемейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы көлік холдингінің Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктер қозғалысын тоқтатады

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Хабарланғандай, автобустармен қатар метро да тоқтайды.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты осындай шешім қабылданған.

Қоғамдық көлік демалыс күндері - 11 мен 12 шілде аралығында жұмыс істемейді. Көлік холдингісінде жұмыстың тек дүйсенбі - 13 шілде күні басталатынын айтады.

Айта кетейік, қазіргі таңда оңтүстік астанада 6895 инфекция жұқтыру дерегі тіркелген.

COVID-19 жұқтырғандардың жартысынан көбі, яғни, 3914 адам емделіп шыққан. Алматыда 30 науқас коронавирустан қайтыс болды.

Айта кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтанда екі апталық карантин жарияланғанға дейін сауда және ойын-сауық орталықтары, саябақтар, алаңдар, скверлер, жағажайлар мен аквапарктер, сондай-ақ фитнес-клубтар тек демалыс күндері жабылған еді.

Тағы да оқыңыздар

Өзбекстан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқастарға орын қалмады

Бұған дейін билік Қазақстанда қатаң карантин режимін ұзарту мүмкіндігін жоққа шығармайтыны туралы хабарланған болатын. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 55 мыңға жуықтағанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды