RU

"Кінәлімін": Сеул мэрінің қайтыс болар алдында жазған соңғы хаты табылды

Жақында жоғалып кеткен Оңтүстік Корея астанасы Сеул мэрінің өлі күйінде табылғанын жазғанбыз. Ол қайтыс болар алдында жазған хатында барлығынан кешірім сұрап, мәйітін кремациялауды сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Пак Вон Сун. Фото: Getty Images/ The Asahi Shimbun / Contributor
Пак Вон Сун. Фото: Getty Images/ The Asahi Shimbun / Contributor: Depositphotos

Қала басшысының қайтыс болар алдында жазған хаты оның резиденциясындағы кабинетінен табылды.

"Мен барлығының алдында кінәлімін. Өмір бойы жанымда жүрген адамдарға рақмет айтамын. Отбасымның алдында кінәмді сеземін, оларға ауыртпалықтан басқа ештеңе бере алмадым. Мені кремациялап, күлімді ата-анамның қабірінің үстіне шашыңыздар. Барлығың қош болыңдар", – делінген Пак Вон Сунның соңғы хатында.

Еске сала кетейік, тәртіп сақшылары бейсенбі күні жоғалып кеткен Оңтүстік Корея астанасның мэрі Пак Вон Сунның денесін тапқан болатын.

64 жастағы Пак Вон Сунның жоғалып кеткенін полицияға бейсенбі күні оның қызы хабарлаған.

Оның айтуынша, Сеул қаласының мэрі өсиетке ұқсас мазмұндағы хат қалдырып кеткен және телефонын өшіріп тастады.

Одан бөлек, Пак Вон Сунның бейсенбі күні жұмысқа бармағандықтан, жоспарланған барлық іс-шара мен кездесулер кейінге қалдырылған.

Мэрді іздеуге тәртіп сақшылары, дрондар мен иттер жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1864358-kinlimin-seul-merini-kajtys-bolar-aldynda-zazgan-sogy-haty-tabyldy.html