Выйти
RU

Алматыға Ресейден вирусқа қарсы 55 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының халықаралық әуежайына дәрілік препараттары бар бірінші әуе рейсі келіп қонды. Бүгін барлығы екі рейспен Ресейден 55 тонна медикамент жеткізілмек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ оңстүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.: Instagram

Мегаполиске келіп жететін жүк құрамында әлеуметтік маңызды оннан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар.

Тізімде - азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин – бинергия және басқалары бар.

Дәрілік препараттар азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізілген. Әкімдіктің мәлімдеуінше, мұндай рейстер тұрақты түрде дәрілік нарықты қамтамасыз ету үшін және дәріхана желілерін қажетті препараттармен үнемі толықтырып отыру үшін жүзеге асырылады.

Тағы да оқыңыздар

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Алматы қаласының әкімдігі мен денсаулық сақтау министрлігі аталған медикаменттерді жедел алу мен жүзеге асыруға жәрдемдесуде барлық шараларды қолға алынды.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметтері бойынша дәрілік құралдар мен препараттар декларациялау жолымен үш күн ішінде сертификатталады.

«Біздің тарапымыздан үкіметке препараттарды сертификаттау, жаңа препараттарды жедел тіркеу және тез жеткізу процедураларын жеңілдету ұсынысы жасалды. Бұл ұсынысты экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қолдады. Осылайша, біз медициналық препараттарды сертификаттау мен оларды жеткізудегі процедуралардың жеңілдетілуіне қол жеткіздік. Осы шаралардың бәрі қаланы дәрімен қамтамасыз етуге және жедел жеткізуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің қаланы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші Заңғар Сәлімбаев.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда пандемия кезінде дәрі-дәрмек бағасы қаншалықты қымбаттады

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.: Instagram

Сонымен бірге, Алматыға шілде айының ортасында Үндістаннан екі партия дәрі-дәрімек келеді деп күтілуде.

Келгеннен кейін дәрілік препараттар төрт ірі фармацевтикалық компаниялар арасында одан ары қарай дәріханаларға жеткізілу үшін бөлінеді. Бұл "Медсервис плюс" КФК ЖШС, "Химфарм" АҚ, "Нобель Алматы фармацевтикалық Фабрикасы" АҚ, INKAR желілері.

«Компания барлық қажетті шараларды қолға алды және тек өз кәсіпорнында дәрі өндіру көлемін ұлғайтып қана қойған жоқ. Сонымен бірге, Ресейдегі өзінің серіктестерімен – вирусқа қарсы препараттар шығаратын «Акрихин» компаниясымен байланысқа шықты. Олар өндіретін вирусқа қарсы препараттар қазақстандық «Химфарм» АҚ шығарылмайды. Осы серіктестіктің және Мәскеуден транспорттық әуе бортын ұйымдастыруда екі мемлекеттің көрсеткен жедел қолдауының арқасында Қазақстанға бүгін «Осельтамивир» виусқа қарсы препаттың үлкен партиясы бар рейс келді. Аталған препарат дистрибьюторлық компанияларға дереу тиеліп, еліміздің дәріханаларына жақын күндері жеткізіледі», - деп хабарлады «Химфарм» АҚ.

Тағы да оқыңыздар

Сағынтаев дәрі-дәрмекке қатысты алматылықтарға мәлімдеме жасады

Атап өтерлік жайт, Ресейде келетін жүктен өзге Алматыға шілденің соңына дейін әлеуметтік маңызы бар шамамен 4,2 млн қаптама дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде.

«Бүгін біз үкіметтің қолдауы арқасында Ресейден екі ұшақтың келуін күтудеміз. Ең қажет препараттар жеткізіледі. Біз өте қажет дәрі-дәрмектің 13 түрін жабамыз. Олар - азитромицин, цефтриаксон, ибупрофен және басқалары. Үндістаннан да жеткізілім жоспарланған. Ұшақтар коронавирус инфекциясын емдейтін препараттарды ғана бізге тасымалдайды» , - деді «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыға Ресейден вирусқа қарсы 55 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді (фото, видео)