Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында достарымен жағажайда демалған арудың денесі іздестірілуде

Опубликовано:

Бойжеткен достарымен Ақсу өзенінің жағасында демалып жатқан. Аздап ащы су ішкеннен кейін олардың үшеуі өзенге бірге кіріп, бірге бата бастағаны белгілі. Екеуі судан дер кезінде шығарылды, алайда 21 жастағы арудың денесі екінші күн іздестірілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында достарымен жағажайда демалған ару іздестірілуде
Фото: Павлодар облысы ТЖД: UGC

Құтқарушылардың айтуынша, қазіргі карантин жағдайында жағажайларда жүзуге тыйым салынған.

Бірақ бұл аймақ тұрғындары үшін кедергі емес, олар шомылу үшін демалуға арналған құралдары жоқ өзеннің учаскесіне барады.

Үш адамның Белая өзенінде демалғаны хабарланды. Олар ішімдік ішіп, суда шомылуға кеткен. Адамдар бір мезетте өзенге бата бастады.

Оқиға салдарынан 21 жастағы ару судан сол күйі шықпады. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен, алайда жағалаудан ешкімді таба алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864362-pavlodar-oblysynda-dostarymen-zagazajda-demalgan-arudy-denesi-izdestirilude/

pixel