Выйти
RU

Саяси реформаның бір бөлігі: Мемлекет басшысы билікті қалай өзгертпекші

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазіргі дағдарыс қоғамның орталық және жергілікті билікке сенімсіздікпен қарайтынын ашық көрсетті. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Дағдарыс қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, адамдардың орталық және жергілікті билікке деген сенімсіздігін, оған күмәнмен қарайтынын көрсетті. Бізге мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Осы шара саяси реформаның бір бөлігі болады. Соның аясында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі айтарлықтай күшейеді", – деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың сөзінше, бүгінде жаңа міндеттерді сапалы түрде орындайтын мамандар қажет.

"Жаңа беталысқа жаңа орындаушылар керек. Білімді, батыл, бастамашыл, іскер және адал адамдар қажет", – деді ол.

Тоқаев қазіргі уақытта әрбір басшы жауапкершіліктен қашпай, барынша тиімді жұмыс жасап, тапсырманы шұғыл түрде орындап отыруы қажет екенін ескертті.

Тағы да оқыңыздар

Қасым-Жомарт Тоқаев билікке жаңа кадрлар керектігін мәлімдеді

Оның сөзінше, бюрократияға жол берілмеуі шарт.

"Сонымен қатар, күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға ақша да, күш те жұмсауға құқығымыз жоқ. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттігі мен тиімділігін көтеру үшін түбегейлі реформалар керек. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім беру, көміртекті көп қажет етпейтін технологиялар, экология, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға басымдық берген жөн. Бір сөзбен айтқанда, біз экономиканы халыққа қарай бұруымыз қажет", – деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видеобайланыс арқылы ұйымдастырылды.

Жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындалатын міндеттер қаралды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Саяси реформаның бір бөлігі: Мемлекет басшысы билікті қалай өзгертпекші